• Ср. Май 15th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері 20-дан астам тұрғынның газға төленетін ақшасын жинап алып, жаратып жіберген күдіктіні ұстады.

Автор:REVIZORRO

Дек 28, 2021

Түркістан облысының полицейлері 20-дан астам тұрғынның газға төленетін ақшасын жинап алып, жаратып жіберген күдіктіні ұстады деп, Түркістан обылысы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келес АПБ-ға жергілікті 2 тұрғын арызданды. Олар өз арыздарында пайдаланған газ бойынша төленетін ақшаларын мекеменің газ бақылаушысы болып істейтін қызметкерге бергендерін, алайда ол жиналған ақшаларды тұрғындардың дербес шоттарына төлемей, яғни өзінің қажеттілігіне жаратып жібергендігі туралы жазып көрсеткен. Бұл жайында табиғи газ өнімдерінің төлемақыларын талап еткенде білгендерін хабарлаған. Жәбірленушінің бірі күдіктіге 108 000 берсе, екіншісі 155 000 теңгесін сеніп тапсырған. Аталған жайт СДТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.
Осы қылмысты тексеруге шұғыл кіріскен аудандық полицейлер біршама ақпараттардың бетін ашты. Куәлардан жауап алды. Нәтижесінде күдікті жас жігіттің өзінің арам ойын іске асырғаны белгілі болды. Яғни мекемеде жұмыс істеген кезінде тұрғындардың сеніміне кіріп, төлем алу міндетіне жатпаса да, мекемеге тиесілі қаражатты жинап алған. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.
Тексеру кезінде күдікті 2020 жылдың қараша айынан бастап, 2021 жылдың қазан айы аралығында 20-дан астам тұрғыннан газға төленетін ақшаларын жинап алғаны анықталды. Жалпы тұрғындарға келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуықтады. Тәртіп сақшыларының жедел жүргізілген жұмыстары арқасында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынның бір бөлігін қайтарды. Қазіргі уақытта қылмыстық жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша қайта сараланып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өзге адамдарға ақшаңызды сеніп тапсырмауды ескертеді. Кез келген жағдайда сенген адамыңыз алдап кетуі мүмкін. Сондықтан қандай істі болмасын төлемді өзіңіз жасауға міндеттісіз. Егер де, сізді, белгісіз жандар алдаса болмаса осындай жайттың куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?